• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Президент 13 Қазан, 2020

Президент әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы заңға қол қойды

142 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқеав «2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы 2019 жылғы 29 сәуірде Бішкекте жасалған хаттама ратификациялансын.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 12 қазан

№ 366-VI ҚРЗ