Нұр-Сұлтанға шетелден ұшып келген ПТР тесті жоқ 104 жолаушы стационарлық карантинге жіберілді. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының мәліметіне сәйкес, бүгін түнде Нұр-Сұлтан әуежайына 4 ұшақ қонған. Рейстерді Turkish Airlines, Air Astana және Flydubai авиакомпаниялары жүзеге асырған. Белгілі болғандай, аталған рейстермен барлығы 514 адам ұшып келген көрінеді.
"104 жолаушыда ПТР-тест жоқ, олар стационарлық карантинге жіберілді. ПТР сынақтарын тапсырғаннан кейін олар үйге жіберіледі, оң нәтиже болған жағдайда олар жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі. 1 жолаушы депортацияланды", делінген хабарламада.