• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 13 Қазан, 2020

Қай өңірлер мемлекет қаржысын игере алмай отыр?

203 рет
көрсетілді

Ерұлан Жамаубаев мемлекет қаржысын игере алмай отырған өңірлер туралы айтты. Қаржы министрінің мәліметінше, аймақтардағы жергілікті бюджет шығыстары 5,6 триллион теңге болған. Игерілмеген қаржының сомасы - 30 миллиард теңге, деп хабарлайды Egemen.kz

"Осы жылы өңірлерге 2,3 триллион теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала мәліметтер бойынша оларға 1 қазанға 1,5 триллион теңге бөлінді. Оның ішінде 99,5 пайызы игерілген. Атқарылмағаны - 8 миллиард теңге. Оның ішінде 2 миллиард теңге үнемделді, 6 миллиард теңге игерілмеді", деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Ерұлан Жамаубаев мемлекет қаржысын игере алмай отырған өңірлерге тоқталды.

"Қаржыны ең көп игермеу мына өңірлерде қалыптасты: Ақтөбе облысы - 0,9 миллиард теңге, Батыс Қазақстан облысы - 0,6 миллиард теңге, Қарағанды облысы – 0,5 миллиард теңге, Нұр-Сұлтан қаласы - 0,5 миллиард теңге", деді ол.