• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Қазан, 2020

АҚШ азаматы 1 жарым айдан соң қайта ауырды

132 рет
көрсетілді

АҚШ азаматы 1 жарым айдан соң COVID-19-ға қайта шалдыққаны жайлы Agence France-Presse жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Небары бір жарым айдан соң вирусты қайта жұқтыру алдыңғы аурудың инфекциядан адамды сақтап қала алмайтынын көрсетеді. SARS-CoV-2 вирусынның біз білмейтін жықпылдары көп және ағза мен оның қорғаныш жүйесінің қалай жауап беретінінің де құпиясы мол", деген оны зерттеуші профессор Марк Пандори.

Ғалым инфекциядан жазылып шыққан жандардың бір ауырдым, енді маған соқпайды деп бейғам жүре бермеуінің қажеттігіне мән беріп, SARS-CoV-2 сақтанып жүріп, қашықтық ұстауды талап ететін ауру екенін айтқан.

BNO News келтірген ақпаратқа сенер болсақ бұл әлем бойынша COVID-19-дың 23-ші рет қайта жұғуы. 20 пациент одан жазылып шығып, біреуі көз жұмып, енді екеуі емделу үстінде екен.