• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қазан, 2020

Өскеменде жаттықтырушы жауапқа тартылмақ

495 рет
көрсетілді

Өскеменде «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде ұзақ уақыт бойы марихуан сатумен айналысқан азамат ұсталды. Ол қаладағы фитнес орталықтарының бірінде жаттықтырушы болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның есірткі сатуға қатысы бар екені анықталды. Ал ұсталған кезде күдіктіден 30-дан астам бір реттік марихуана дозалары тәркіленді", - деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған баптың санкциясында 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Атап өтсек, 2020 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысының Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 170 есірткі қылмысын, оның ішінде 141 есірткі сату фактісін анықтаған. Жыл басынан бері 222 келі әртүрлі есірткі түрлері, оның ішінде 3,7 келі психотроптық заттар тәркіленді.