• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қазан, 2020

ДСМ дезинфекция құралдары денсаулыққа зиян деген ақпаратқа түсініктеме берді

510 рет
көрсетілді

Елімізде қоғамдық көліктерді дезинфекциялау кезінде денсаулыққа қауіпті заттармен өңделетіні туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау комитеті бұл сұйықтықтың елімізде қоғамдық көлікті өңдеу үшін қолданылатыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев: "Бұл дезинфекциялық құрал Қазақстанда тіркелмеген. Бізде қолдануға ұсынылған дезинфекциялық заттардың тізілімі бар, онда "Продез" жоқ. Оны еліміздің бірде-бір өңірінде пайдаланбайды", дейді ол.

"Продез" деп аталатын құрал Беларусьтің "БелАсептика" зауытында шығарылады.

Фотода қолданылатын заттың құтысы көрсетілген.

Ол Қазақстанда қолданылатын барлық дезинфекциялау құралы адам үшін қауіпсіз екенін және ерітіндіні дайындау үшін ұсынылатын пропорция көрсетілген қолдану жөніндегі нұсқаулық бар екенін атап өтті.