• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 14 Қазан, 2020

Алексей Цой: Індеттің бастапқы кезеңінде ауырған науқастар қайта сырқаттануы мүмкін

1151 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында індеттің бастапқы кезеңінде ауырған науқастар қайта сырқаттануы мүмкін деп топшалады, деп хабарлайды Egemen.kz

"Ғалымдардың әртүрлі пікіріне сүйенсек, коронавирусты жеңіл көтерген азаматтардың ағзасында антидене 1 ай уақытқа, ал орта немесе ауыр көтергендердің ағзасында 3-5 айға дейін сақталады. Біздің елде коронавирус жұқтырудың шарықтау шегі осы жылдың маусым-шілде айларына келгені белгілі. Егер біз талдау жасап көрсек, аталған уақыттан 3-5 айдан кейін, яғни қараша-желтоқсан айларында коронавирусты орта немесе ауыр жағдайда көтергендердің ағзасында антиденелер құрып бара жатыр. Сол себепті олардың қайтадан ауруға шалдығу ықтималдығы, қаупі бар", деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, әлемде коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелгенімен, Қазақстанда мұндай адамның әлі кездеспегенін мәлімдеді.

АҚШ азаматы 1 жарым айдан соң қайта ауырды

Еске сала кетейік, АҚШ азаматы 1 жарым айдан соң COVID-19-ға қайта шалдыққаны жайлы Agence France-Presse жазған еді.