Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте 7541 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 10979 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда жол апаты 25,4%-ға кеміді. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
2020 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан Республикасында 474 786 жеңіл автомобиль тіркелген, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,1%-ға кем. Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3891,8 мың бірлікті құрады.
2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 18 млрд теңге сомасында 43929 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.