• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Қазан, 2020

Өзбекстанда этникалық қазақтардың құрылтайы өтеді

697 рет
көрсетілді

Өзбекстандағы этникалық қазақтардың кіші құрылтайы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына сілтеме жасап.

Іс-шараны ұйымдастыруға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және "Отандастар қоры" мен Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Қалыптасқан эпидемиялық ахуалға байланысты шараны ағымдағы жылдың 21 қазан күні тұңғыш рет онлайн режімінде Өзбекстандағы қазақ диаспорасымен өткізу жоспарлануда.

"Дәстүрге айналған кіші құрылтайды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өткізіп келеді. Соңғы жылдары Ресей, Европа қазақтарының кіші құрылтайы өткен. Биыл бірінші рет пандемияға байланысты Өзбекстандағы қазақтардың кіші құрылтайын онлайын режімінде өткізуді ұйымдастырып отырмыз. Кездесудің басты мақсаты бауырлас Қазақстан-Өзбекстан арасындағы достық қарым-қатынас, мәдени-рухани байланыстарын нығайту. Өзбекстандағы қазақ диаспорасына қолдау көрсету, мәдени байланысты кеңейту, олардың түйткілді мәселелерін шешу жолдарын қарастыру", дейді ДҚҚ Төрағаның бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков.

Бұл құрылтайға Өзбекстанның Ташкент, Сырдария, Науаи, Бұхара, Хорезм облысы және тағы басқа елдердегі қазақ ұлттық мәдени орталықтарының басшылары мен ҚР мемлекеттік мекемелердің өкілдері, қоғам, өнер қайраткерлері қатысады.