• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Өнер 15 Қазан, 2020

Жас бишілер жарады

314 рет
көрсетілді

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері «Встречи на берегах Невы» халықаралық хореографиялық ірі өнер фестиваліне қатысты. Олар хореография факультетінің аға оқытушысы Анвара Садықованың жетекшілігімен «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің өңделіміндегі күйші Дәулеткерей Шығайұлының музыкасына қойылған «Жастар» нөмірін ұсынды. Мұнда қазақ жастарының рухы мен қуаты айқын көрінеді.

Фестиваль осымен оныншы рет өткізіліп отыр. Пандемияға байланысты іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылды.

Айтулы іс-шара Беларусь, Гру­зия, Италия, Қазақстан, Латвия, Ресей және Жапония елдерінен келген хореографиялық ұжымдардың 350-ден аса қатысушысының басын қос­ты. Барлық қатысушы дипломдармен, ал жетекшілері алғыс хаттар­мен марапатталды.

Іс-шара барысында Қазақ ұлттық хореография академиясының проректоры Бибігүл Нүсіп­жа­нова «Встречи на берегах Невы» фести­валінің ұйымдасты­рушылары мен қа­тысушыларына өзінің құттық­тауын жолдады.

«Осы мерейлі сәтті пайдаланып, фестивальдың алғаш құрылуы мен қалыптасуына атсалысқан барлық қатысушыға ризашылығымды біл­діремін. Жыл сайын жобаның ауқымы мен аясы кеңейіп, қатысу­шылардың хореографиялық ше­бер­лігі жаңа биікке көтеріліп ке­леді. Жастар жаңа белестерді бағындырып қана қоймай, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып жат­қандай. Барша­ңызға ұзақ өмір, табыс және амандық тілейміз» деді Б.Нүсіпжанова.

Айта кетейік, былтыр «Встречи на берегах Невы» фестивалінде Қа­зақ ұлттық хореография акад­емия­сының студенттері «Үздік­тер» атағына ие бол­ған болатын. Сол кеште Ал­мат Шәмшиевтің жетекшілігімен Ақ­қанат Смағұлова мен Жания Қанат халық музыкасына қойылған «Әшекей» хорео­графиялық миниатюрасын ұсынды. Сондай-ақ Анвара Садықованың қойылымындағы Нұр­ғиса Тілендиевтің музыкасына «Аққулар» биін билеп, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болған еді