• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Экономика 15 Қазан, 2020

Агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту маңызды

145 рет
көрсетілді

Сенаттың Аграрлық мә­се­лелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің отырысы болып өтті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Депутаттар парламенттік тыңдау қарсаңында Ауыл ша­руа­­шылығы министрлігінің өкіл­дерімен кездесіп, биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 4,9 %-ға артып, 2,4 трлн теңгені құрағанынан хабардар болды

Бүгінде елімізде азық-түлік өн­дірісінің көлемі 12%-ға артып, 1 629 млрд теңгені құрап отыр. Сонымен қатар отандық өндірістің ішкі тұтынудағы үлесі 80%-дан асты. Ауыл шаруашылығы ми­нис­трлігінің деректері бойынша 2016-2019 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы өнімдері мен оның қайта өңделген өнімдерінің экспорты бір жарым есе ұлғайды.

Парламент депутаттары кездесуде субсидиялау бағдарламасын дамыту, ауыл кәсіпкерлері үшін салықтық жеңілдіктер бойынша мүмкіндіктерді кеңейту қа­жеттігін атап өтті. «ҚазАгро» хол­дингінің ақпараты бойынша, биылғы жылдың 9 айында несие­лендіру мен лизингті қоса алған­да, агроөнеркәсіп кешенін қар­жы­ландыру көлемі 325,1 млрд теңгеге жетті.

Кездесу қорытындысы бо­йынша проблемаларды шешу және агроөнеркәсіп кешенін да­мыту жөніндегі ұсыныстар әзір­ленеді және 2020 жылғы 23 қазан­да парламенттік тыңдауда айтылатын болды.