Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен "Менің Қазақстаным" халықаралық музыка челленджі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Ән марафоны атақты композитор, ән өнерінің әйгілі майталманы, қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық артисі, ҚР Әнұраны әуенінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналды.
Қазақ əн өнерінің бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова бастаған халықаралық музыка челленджіне əлемнің 30-дан астам мемлекетінен 1000-нан астам азамат қатысты. Жалпы "Менің Қазақстаным" эстафетасы 300 мыңнан астам көрерменді қамтыды.
Ақтоты Райымқұлова "Менің Қазақстаным" челленджіне атсалысқан ҚР-ның Сыртқы істер министрлігіне, алыс-жақын шет елдердегі қандастарымызға, еліміздегі барлық концерт ұйымы мен жеке орындаушыға алғыс айтып, "Арыс жағасында" əнін тарту етті. Сонымен қатар барлық қатысушы онлайн форматта қосылып, Қазақстан Республикасының əнұранын орындады.
#GlobalСhallenge#МеніңҚазақстаным#GlobalChallenge#ШәмшіҚалдаяқов90жыл