• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қазан, 2020

Бішкекте төтенше жағдай режимі алынды

172 рет
көрсетілді

Қырғызстан парламенті ел астанасындағы төтенше жағдай режимін алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Депутаттар жаппай наразылықтар аясында отставкаға кеткен президент Сооронбай Жээнбеков енгізген төтенше жағдай режимін жоюға бірауыздан дауыс берді.

Еске сала кетейік, Сооронбай Жээнбеков 15 қазанда отставкаға кететінін мәлімдеді.

Конституцияға сәйкес, Мемлекет басшысы отставкаға кеткеннен кейін оның өкілеттігі парламент спикеріне көшеді. Егер спикер міндеттерін орындай алмаса, онда республиканың премьер-министрі Президенттің міндетін атқарушы болады. Бейсенбі күні Қырғызстан премьер-Министрі Садыр Жапаров өз жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде ел спикері Қанат Исаев президент міндетін атқарудан бас тартқанын және барлық өкілеттіктер Министрлер Кабинетінің басшысына ауысқанын мәлімдеді.