Алматының Медеу ауданындағы кейбір ғимараттарда жылу желілерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты жылу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz "Алматы жылу желілері" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жолдасбеков – Назарбаев – Чайкина – Тәттімбет көшелерінің шаршысындағы ғимараттарға жылу беру уақытша тоқтатылды. Уақытша қолайсыздықтар жылу желілерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты туындап отыр. Тұрғындардан түсінікпен қарауын өтінеміз", - делінген хабарламада.