• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қазан, 2020

Шымкент қаласының темір жол станциясында 13 вагон жолдан шығып кетті

1786 рет
көрсетілді

24 қазанда сағат 02.31-де Шымкент қаласының темір жол станциясында №117 бағытындағы 13 вагон жолдан шығып (вагондар бос, құрамында 21 вагон болған), аударылған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына да әсер етті. Алдын ала мәліметтер бойынша 5 жолаушылар және 10 жүк пойызы тоқтап тұр.

Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, "ҚТЖ" АҚ-ның 200 қызметкері, Шымкент, Арыс және Тараз станциясынан 3 бірлік қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды.

Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД 6 қызметкері және 3 бірлік техника, Шымкент станциясы Ішкі істер желілік полиция бөлімінің 10 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмыс істеуде. Жолды босату бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. 24 қазан сағат 13.00-ге дейін пойыздардың қозғалысы үшін 1 жолды қалпына келтіру жоспарлануда.