17-23 қазан аралығында өткен XXIX "Киношок" ашық фестивалінде отандық екі фильм "Жаным, ты не поверишь" комедиясы мен "Черный черный человек" драмасы 5 сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова екі туындының да түсірілім тобын, актерлерін, режиссерлерін құттықтады. Министр қазір қазақ фильмдері елімізде ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерде де жоғары бағана ие болып жатқаны қуанышты жайт екенін атап өтті.
Фестивальдің басты сыйлығы «Золотая лоза» мен «Үздік сценарий» (барлық 6 сценарист), «Баспасөз сыйлығы» - «Жаным, ты не поверишь» комедиясына берілді.
Ал «Үздік ер адам рөлі» (Данияр Алшинов), «Үздік режиссура» (Əділхан Ержанов) сыйлығына «Черный черный человек» драмасы ие болды.
Жалпы конкурсқа 7 мемлекеттен 9 толық метражды фильм қатысты.