• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Қазан, 2020

Теректіде 11 мың гектар жер қайтарылды

454 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында ауылшаруашылық жерлерді сол жерде нақты шаруамен айналысатын кәсіпорындарға, шаруа қожалықтарына беру, жерді дұрыс пайдаланбайтын иелерінен қайтару үрдісі жолға қойылған.

– Біздің Теректі ауданы ауыл шаруашылығын дамытуға өте қолайлы өңір. Ауданның барлық жер көлемінің 63 пайызы, яғни 501 992 гектары ауыл шаруашылығы мақ­сатындағы жерлер санатына жатады. Біз осы алқап­тарды барынша тиімді пайдалану мәселесіне көңіл бөліп отырмыз, – дейді Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов.

Иә, ауданда 238 948 га алқап егістікке қолайлы санатқа жатады. 2020 жылы өңделген егістік алқабының көлемі 146 мың гектарға жуық. Сүр жер 18,4 мың га дегенде, аудан диқандары үшін әлі пайдаланылмаған мүмкіндік бар екендігі көрініп тұр. Жалпы босалқы жер қоры – 137 788 гектар. Соның ішінде жайылым – 105 568 га, өңделмеген егістік жерлер – 5 451 га, шабындық – 16 422 га, көпжылдық екпе ағаштар – 116 га, бақша – 32 га және басқа жерлер – 10 199 гектарды құрайды екен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кім жұмыс істесе, жер соның иелігінде болуы керек» деген болатын. Игерілмей жатқан және игерілуі мақсатқа сай емес жерлерді кері қайтару мәселесі Теректі ауданында қатаң бақылауға алынды. Жерді игере алмаған және жалдау мерзімі аяқталған кәсіпкерлерден жалпы көлемі 11 мың га болатын 16 жер учаскесі мемлекеттік қорға қайтарылды.

Қайтарылған алқаптар еңбек етуші шаруаларға әділ, ашық конкурс негізінде берілуде. Жыл басынан бері осындай 4 конкурс өтіп, жалпы көлемі 23 357 га жер телімі ұсынылды.

Бизнесті дамыту мақсатында былтыр өткен 5 аук­цион­да бюджетке 2 млн теңге түссе, биыл өткізілген 5 аукцион нәтижесінде бюджетке 15 млн теңгеге жуық қаржы түскен екен.