Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 10,9 мың адам тарихи Отанымен табысып, оралман мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралды.
Осы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (56,9%) Қытайдан, 27,7% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (53,1%) және Маңғыстау (13,2%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,3%) қоныстанды.
9 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 57,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,5%-ды және зейнеткерлер 10,3%-ды құрайды.