• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қазан, 2020

Қазақстанның тамақ өнімдері шетелде қаншалықты сұранысқа ие?

640 рет
көрсетілді

Азық-түлік экспорты артып отыр. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Ол сауда ведомствосының Президенттің қыркүйектегі Жолдауын іске асырудағы рөлі туралы айтып, Сауда және интеграция министрлігінің міндеттерін, ведомство бүгінде қалай және немен жұмыс істеп жатқанын және оның жалпы экономикаға қалай әсер ететінін түсіндірді.

"Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Сауда және интеграция министрлігінің алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды, оларды іске асыру еліміздің экономикасын тұрақты дамытуға әкеледі. Бірінші кезекте, әңгіме шикізаттық емес экспортты ұлғайту туралы", - деп түсіндірді Б. Сұлтанов.

Оның жартысына жуығы (42%) қазір жоғары және орташа қайта өңдеу сатысындағы өнімінен тұрады. Өңделген экспорттың негізгі тауарлары - мыс және мыстан жасалған катодтар, ферроқорытпалары, уран, мұнай өңдеу өнімі және басқалар. Министрдің айтуынша, әлемде пандемия салдарынан қалыптасқан сауда-экономикалық өзгерістер бір жағынан тәуекелдерді туындатса, басқа жағынан отандық кәсіпорындардың ең жоғары қосылған құны бар өнімді өндіруге көшуіне "мүмкіндік терезесін" ашады.

Ведомствоның мәліметінше, 8 айдың қорытындысы бойынша өңделген тауарларлдың экспорты 7,3%-ға 10,4-тен 9,7 млрд АҚШ долларына дейін азайды. Экспорттың негізгі төмендеуі мұнай өнімдерінің (-332,6 млн $), ферроқорытпаларының (-249,7 млн. $), мырыштың (-121,2 млн $) жеткізілімінің қысқаруы және бағалардың төмендеуі есебінен болды. Сонымен қатар, тамақ өнеркәсібін жеткізудің өсуі байқалады. Өсудің негізгі драйверлері: ұн, күнбағыс майы, макарон, сиыр еті, соя майы. Машина жасау өнімдерінің экспорты да артты. Мысалы, жылжымалы құрам бөліктерін жеткізу 3,2 есеге, жеңіл автокөліктерді жеткізу 3 есеге артты.