• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 27 Қазан, 2020

Доллардың бағасы күн санап өсіп келеді

252 рет
көрсетілді

Елімізде доллардың бағасы күн санап өсіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz

27 қазандағы таңғы сессия қорытындысы бойынша сауда-саттықта доллардың орташа бағамы 429,96 теңгені құрап, 0,31 теңгеге қымбаттаған-ды.

Бұған дейін Ұлттық Банк 27 қазандағы америкалық валютаның ресми бағамын атады. Доллардың ресми бағамы 429,59 теңгені құрады.

Kurs.kz-тің ресми деректеріне сүйенсек, Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатудың орташа курсы – 430,57 теңге болса, сатып алу 429,04 теңге.

Ал елордалықтар ақша айырбастау орындарында долларды орташа есеппен 430,64 теңгеден сатса, 429,55 теңгеден сатып алып жатыр.