• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қазан, 2020

Жол сапасы мен қауіпсіздігі үшін 700 млрд жуық қаржы бөлінеді

240 рет
көрсетілді

Жалпы республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарды салуға, қайта өңдеуге, жөндеуге 700 млрд жуық қаржы бөлінеді, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Осының барлығы жолдың жағдайын түзеу үшін беріледі. Біз сапаға көңіл аударамыз. 20 мыңға жуық жолды тексердік, осының барлығы жергілікті бюджеттен және республикалық бюджеттен жергілікті шартпен жасалып жатқан жұмыстар. Қазіргі кезде жергілікті бюджеттермен 2 млрд теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады", - деді спикер.

Замир Сағынов жол қауіпсіздігі мәселесі Орталық міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Бұдан басқа, жолдардың сапасын бақылау, нормативтерді өзгерту және жаңа технологияларды енгізу, оларға мониторинг жүргізу де Орталық құзыретіне жатады.