• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Руханият 30 Қазан, 2020

Түркістан мешіттерінде 2 қарашадан бастап бес уақыт намаз оқылады

743 рет
көрсетілді

Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. Отырыста комиссия мешіт жұмысына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қабылданған шешім бойынша ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап (жұма намазын қоспағанда) мешіттерде ұжымдық намаз (бес уақыт намаз) өткізуге рұқсат берілді.

Алайда мешітте 100 адамнан артық кісі болмауы керек. Сондай-ақ адамдар бетперделік режіммен 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтаулары қажет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауға шақырады.

Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді карантин жағдайына байланысты әзірге жұма намазы оқылмайтынын хабарлады.

Бұдан бөлек, мешіт қызметкерлері мен келушілер міндетті түрде бетпердемен жүруі міндетті. Барлық мешіттердің намаз оқитын, құран оқитын бөлмелерінде антисептикалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Мешітке жеке құлшылыққа келген азаматтардың мешітте ұзақ уақыт болмауы керек. Мешіт дәретханалары карантин режімі аяқталғанша жабық тұрады.