• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Елорда 30 Қазан, 2020

Елордада 1 қарашадан бастап велосипедтерді жалға беру маусымы аяқталады

135 рет
көрсетілді

Қалалық велосипедтерді жалға беру маусымы ресми түрде 1 қарашада аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жексенбі күні таңғы сағат 03: 00-де станциялардағы барлық велосипедтер бұғатталады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.

Astana Bike велосипедтерін жалға беру жобасы елордада 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы жылы жоба CTS басқаруына берілді. Осы уақыт аралығында velobike.kz ресми сайты өзгертілді, онлайн-тіркеу, онлайн толтыру және төлем функциялары сайтта тәулік бойғы режимде енгізілді; Kaspi.kz және QIWI арқылы төлем іске қосылды. Мониторинг үшін камералар қолданылады.

«Барлық жаңашылдықтар қызмет көрсету сапасының айтарлықтай өсуіне ықпал етті, нәтижесінде пайдаланушылар саны үш есе артты. Іске қосылған сәттен бастап жүйеге 14,2 мыңнан астам жаңа тұтынушы тіркелді, 14 мың жазылым сатып алынды, ал велосипедпен жүріп өткен жалпы қашықтық 1,6 миллион км. Велосипедті пайдаланушылардың көпшілігі ерлер - 61,5%, әйелдер - 38,5%», - деп түсіндірді CTS компаниясы.

Велосипедтерді жалға алу мерзімі аяқталған кезде станцияға қайтаруға болатындығын еске саламыз. Баланс келесі маусымға ауыстырылады. Қаласаңыз, қалған бөлігін Р. Қошқарбаева даңғылы, 50/1 мекен-жайы бойынша CTS орталық кассасынан алуға болады.