Талдықорған қаласында ертең өтетін жәрмеңкеде жалпы сомасы 169 млн теңге болатын 259,5 тонна азық-түлік нарықтағыдан төмендетілген бағада саудаға шығарылады, - деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәрмеңкеге облыстың 3 қаласы мен 17 ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен "Жетісу" ӘКК" ӨДИ" АҚ қатысады. Онда азық-түліктің 50-ден астам түрі шығарылады. Атап айтқанда, сүт пен пен тағамдары, шұжық, балық, қант, ұн, өсімдіктер мен жануарлар майлары, жармалар, көкөністер мен жеміс-жидектер, бал, ұлттық сусындар және т.б.
Жәрмеңке азық-түлік бағасын тұрақтандыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.