"Қарапайым қызметкерден бастап әр оқушыға дейін мектептерде кітап оқуға арналған 20 минут "Ридинг тайм". Біз Қазақстанның пилоттық және жетекші мектептерінде жүзеге асырылатын көптеген заттар мен жобаларды көрсетеміз. Мысалы, Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылатын әлеуметтік шаралар. Бір айдың ішінде кітаптар жинаймыз және 1 желтоқсанда осы 600-700 кітаптан құрылған кітапхана ауыл мектебіне табысталады. Мұндай тәжірибе көп жылдан бері бар. 2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні, біз тосын сый жасаймыз. Балалар, мұғалімдер және ата-аналар үйлерінен кітап әкеліп, өзара алмасады. Бұл баланың зейінін аудару өте қиын болатын осындай өзгерістер дәуірінде өте маңызды. Баланы кітап оқуға қызықтыратын жолдарды ойлап табу керек. Тек шығармашылық қана және қаржы жұмсау қажет емес", - деді педагог өз тәжірибесімен бөлісе отырып.