• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қазан, 2020

Атыраудың тұрғыны 5 келіден астам есірткімен ұсталды

1690 рет
көрсетілді

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 28 жастағы тұрғынды  5 келіден астам есірткімен ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Күдіктінің Зарослый елді мекеніндегі үйінен екі полиэтиелен қапқа салынған есірткі заттары тәркіленді. Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 5 келі 30 грамды құрады. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабымен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу)  сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өңір полицейлері 1 маусымнан бері заңсыз айналымнан 20 келіден астам есірткі заттарын тәркіледі.