• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Саясат 02 Қараша, 2020

Жемқорлықты «жүгендеуге» болады

303 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлық қазіргі қоғамда теріс құбылыс болып табылады, бұл егжей-тегжейлі зерделеуді, жүйелік тәсілдерді, жедел түрде оған қарсы кешенді іс-әрекеттер жасауды талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа төтеп беру Қазақстан үшін мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады, оның басымдылығын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында нақты айтқан болатын.

Ел Президенті сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрес және азаматтардың өтініштерін қарау үрдістерін сапалы ұйымдастыру барысында мемлекеттік органдарды халықпен өзара әрекет етуге шақырды. Үкіметтік емес қо­ғамдық ұйымдар арасында әлеу­меттік мемлекеттік тапсырыстар­ды орналастыру және тиісті норма­тив­тік актілерді, жеңілдіктерді әзір­леу және қабылдау түріндегі мемле­кеттік қолдау халықтың сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жасау белсенділігі артты.

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық бойынша құқық­бұзушылықтар жасау тәуекелдерін қысқарту жұмыстарын жанданды­руда. «Халық үніне құлақ асатын мем­лекет» тұжырымдамасын іске асы­ру мақсатында басқармада әлеу­мет­тік желілер (Инстаграм, Face­book) және ресми сайты https://wwwgov.kz/memleket/entities/aqmola-upt?lang=kz жұмыс істейді, олардың көмегімен күн сайын халыққа проб­лемалық мәселелерді шешуде кеңес, тәжірибелік көмек көрсетіледі, айтыл­ған пікірлерге онлайн-режімде бір сағат ішінде жауап беріледі, осы­ның арқасында халықпен кері байланыс жүргізіледі. Тұрақты негізде басқарманың ағымдағы қызметін көрсететін жаңалықтар легі жаңар­тылып отырады. Басқарманың интернет-ресурсында автомобиль жолдарын жөндеу, қайта жаңарту, жолаушылар көлігі және байланыс мәселелері бойынша жауаптарды алу үшін азаматтардың сұрақтарын жолдауды қамтамасыз ететін «Сұрақ-жауап» парақшасы жұмыс істейді.

Сонымен қатар сенім телефоны жұмыс істейді, сондай-ақ лауазым­ды тұлғалардың құқыққа қайшы әре­кеттері туралы азаматтардың өті­­ніш­теріне арналған жәшік бар. Бас­­қарма басшылығы апта сайын бе­кі­тілген кестеге сәйкес азаматтар­ды қабылдауды жүзеге асырады. Бас­қарманың ресми сайтында «Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» парақшасы бар. Онда «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілер, басқарма басшысы міндетін атқарушының 2019 жылғы 31 желтоқ­сандағы бұйрығымен бекітілген Қа­зақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия­сын іске асырудың 2020 жылғы іс-шаралар жоспары, жүргізілген функ­ционалдық талдаулар бойынша анықтамалар және басқарманың сы­байлас жемқорлыққа қарсы стандарты көрсетілген. Облыстық жолау­шылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қызметінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті арттыру мақсатында, басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты әзірленді. Стандартта басқармада жұмыс істейтін тұлғалар әрекетінің қағидалары, мемлекеттік функцияларды атқарумен байланысты шектеулер мен тыйымдар реттеледі. Әрбір жарты жыл сайын басқарма сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізеді, нәтижесінде тиісті шаралар қолда­нылады.

Тоқсан сайын қызметкерлермен кеңестер өткізіледі, онда басқарманың негізгі қызметіне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына және мемлекеттік қызметтерді көрсетуіне байланысты проблемалық мәселелер талқыланады. Осылайша 2020 жылғы 7 қыркүйекте «Сыбайлас жемқорлық­қа қарсы мәдениетті қалыптастыру» та­қы­рыбында Ақмола облысы бо­йынша Қазақстан Республикасы Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің департаменті привенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Әміржановтың және бас­қарма қызметкерлерінің қаты­суымен онлайн-конференция өткі­зілді. Конференция барысында сы­байлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы заңнаманы орындау бойынша жүр­гізіліп жатқан жұмыстар зерделенді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуе­келдеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізілді, ав­томобиль жолдарын салу және облыс бойынша заңсыз тасымалдау­шылар қызметінің жолын кесу мәсе­лелері қаралды. Онлайн-конферен­ция соңында толық жауаптар және ұсыныстар берілді. Сонымен қатар ағымдағы жылдың аяғына дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тасымалдаушы­лармен және мердігерлермен кездесулер өткізу жоспарланған. Бас­қар­ма «Мемлекеттік көрсетілетін қыз­меттер тізілімін бекіту туралы» Цифр­лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мін­де­тін атқарушының 2020 жылғы 31 қаң­тардағы бұйрығына сәйкес 4 мем­лекеттік қызмет көрсетеді, олардың ішінде 2 қызметті электронды форматта көрсету мәселелеріне ерекше кө­ңіл бөлінеді.

Бұл қызметтерді көрсету сапасына бақылау іс-шараларының 2020 жылға арналған жоспары бекітілді. Ай сайын көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдердің және сапаның сақталуына талдау жүргізіледі. Бұ­қаралық ақпарат құралдарында мем­лекеттік қызметтерді көрсетуге қа­тысты материалдар жарияланады. Мем­лекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде баспасөз басылым бе­­тінде мемлекеттік қызметтерді көр­сетудің регламенті және стандарт мә­тіндері жарияланады. Көрсетілетін мем­ле­кеттік қызметтер, оның стандарттары мен регламенттері, жазатын өтініш үлгі­лері басқарма стендінде және рес­ми сайтында орналастырылған, сондай-ақ www.elicense.kz электронды үкімет порталында да бар. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету үр­дістерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған оның сапасын ішкі бақылау, жария іс-шараларды жүргізу жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін жетілдіру бойынша тұрақты негізде шаралар қолданылуда. Бұл іс-шаралар мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығы мен оның сапалы көрсетілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамдық көлікте тариф белгілеудің ашықтығы мақ­сатында, «Цифрлы Қазақстан» мем­лекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылы «Көкшетау қаласының қоғамдық көліктерінде жол жүру төлемін және бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу және сүйемелдеу» жобасы жүзеге асырылды.

Қалалық маршруттарға қызмет көрсететін автобустар көлік карталарымен (қолма-қол ақшасыз есеп айырысу) және қолма-қол есеп айы­рысу арқылы жол жүру ақысын тө­леу үшін жылжымалы терминал­дар­мен жабдықталған. Барлық тө­лемдер жүйеде тіркеледі және тариф белгілеу мен тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау жөніндегі мәселелерді қарау кезінде ескеріледі. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың сақталуына ерекше назар аударылуда. Мемлекеттік сатып алу жоспары әзірленіп бекітіледі. Конкурстар мемлекеттік сатып алу­дың интернет-ресурсында жария­ланады. Жыл өткен сайын жол жөн­деу жұмыстарын сатып алу кезінде кон­курстық рәсімдерді өткізу бары­сын­да заңнаманың сақталуына сырт­қы бақылау күшейе түсуде. «Қа­зақ­стан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қыз­меті туралы» заңның 73-бабы 4 және 5-тармақтарына сәйкес, «Са­лынған объектіні пайдалануға қа­былдау актімен ресімделеді. Са­лынған объектіні пайдалануға қа­былдау актісіне сәйкестік туралы дек­ларацияның және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылардың негізінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер), техникалық және ав­торлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдар қол қояды».

Жергілікті маңызы бар авто­мобиль жолдарын салу, қайта жа­ңарту, күрделі және орташа жөндеу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыс­тарының сапасын бақылауды кү­шейту мақсатында тапсырыс бе­ру­ші, мердігер ұйым, авторлық қада­ғалау тарапынан сапаны бақылау жүргізіледі. Техникалық қадағалау және технологиялық сүйе­мелдеу жө­ніндегі инжинирингтік қыз­меттің, сондай-ақ Индустрия және инфра­құрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ұл­т­тық жол активтері сапасы орта­лығы» мемлекеттік кәсіпорны тарапынан жүзеге асырылады. Сондай-ақ жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде, тапсырыс беруші, мердігер ұйым, жобаның байланыстары мен іске асырылу мерзімдері туралы мәліметтерді көр­се­тетін ақпараттық стендтер орна­ту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ат­қа­рылған жұмыстар сыбайлас жем­қор­лыққа байланысты құқықбұзу­шы­лықтарды жасау тәуекелдерін азай­туға септігін тигізетініне сенім мол.

 

Арсен ЖАНҒАСҚАНОВ,

Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы