• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қараша, 2020

Шортаңды бойындағы көпірде қозғалыс ашылды

370 рет
көрсетілді

Бүгінге дейін эксплуатациялық компания эстакаданы қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті жөндеу жұмыстарын аяқтаған. Жолшылар топсалы-анкерлі бекіткіштерді орнатып, деформациялық жіктерді жөндеуден өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Айта кетейік, биыл 14-қазанда "Нұр-Сұлтан-Шортаңды" ақылы учаскесінің 75 шақырымдағы көлік жол айырығы (Шортаңды ауылы) бойынша көлік құралдарының барлық түріне қозғалыс уақытша шектелген еді.

Көпірдегі аралық салмақтарының теңгерімсіздігі нәтижесінде деформациялық жік тіреуіштерден ажырап қалған. Бұдан аралық құрылымның консоль бөлігі жоғарыға көтеріліп, ақау пайда болған. 

Айта кету керек, аталған өтпежол 12 жылдан астам уақыт бойы эксплуатациялануда. Оның ұзындығы 70 метрді құрайды. Қазір "Нұр-Сұлтан-Шортаңды" ақылы учаскесінің 75 шақырымдағы көлік жол айырығы (Шортаңды ауылы) бойынша көлік құралдары үшін қауіпсіз әрі үздіксіз жүріс қамтамасыз етілген.