• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2013

Ғылым мен техника саласындағы жетістіктерге мемлекеттің жоғары наградасы

18030 рет
көрсетілді

Ғылым мен техника са­ласын­дағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы ғылым, техника қайраткерлерінің еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары бағалау болып табылады және Мемлекет басшысы іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелер үшін; қоғамға кеңінен танылған ғылыми жаңалықтар, монография­лар мен ғылыми жұмыстар үшін; техниканың, материалдардың және технологиялардың әлемдік аналогтар деңгейіндегі жаңа түрлерін әзірлегені және өндіруді ұйымдастырғаны үшін береді.

 

Ғылым мен техника са­ласын­дағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы ғылым, техника қайраткерлерінің еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары бағалау болып табылады және Мемлекет басшысы іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелер үшін; қоғамға кеңінен танылған ғылыми жаңалықтар, монография­лар мен ғылыми жұмыстар үшін; техниканың, материалдардың және технологиялардың әлемдік аналогтар деңгейіндегі жаңа түрлерін әзірлегені және өндіруді ұйымдастырғаны үшін береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 29 қазандағы № 679 Жарлығына сәй­кес Ғылым мен техника сала­сындағы Мемлекеттік сыйлық 19 жұмыстың ішінен іріктеліп алынған үш жұмысқа берілді.

«Дифференциалдық тең­деу­лердің бастапқы-ше­кара­лық есептер теориясына» атты жұмыстар топтамасы үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Математика және математикалық моделдеу институтының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Тынысбек Шәріпұлы Кәлменов Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

Автор «Кәлменов максимум қағидасы» атты әдебиетте кез­десетін айғақтардың ауытқуының дифференциалды теңдеулерінің спектральды теориясы мен аралас түрлері үшін экстремумның жаңа қағидасына негізделген асимптотикалық шешімдердің жаңа құрылысының әдістемесін әзірледі. Аталған қағиданың арқасында аралас түрлердің спектральды теңдеулер теориясы – жаңа перспективті ғылыми бағыт ашылды.  

Зерттеулердің жоғары ғылыми деңгейі жоғары рейтингтік шетел басылымдарында бірқатар жарияланымдармен (30-дан аса) расталды. Алынған нәтижелер маңызды ғылыми бағыттардың бастамасы болды. Оның негізінде зерттеу саласы толық жүзеге асуда.

Автор Қазақстанда әлемге танымал ірі математика мектебін құрды. Оның қатысушыларының жұмыстары (9 доктор және 50-ден астам ғылым кандидаттары) қазіргі заманғы дифференциалды теңдеулер теориясы мен қазіргі спектральды теориясында лайықты орын алуда.

Жұмысқа 47, оның ішінде шетел ғалымдарынан 37 пікір келіп түсті: пікірлер географиясы өте кең – бұл М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, РАҒ Сібір бөлімі, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Испания, Италия, Бразилия, Қытай, Израиль және басқа елдердің университеттері.  

Жоғары наградаға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы ұсынған, авторлары Серік Қуандықұлы Ақшолақов, Талғат Тынышбайұлы Керімбаев, Eрбол Тарғынұлы Махамбетов, Айса Захарұлы Нұрпейісов, Марат Рабандиярұлы Рабандияров, Нұржан Әмірбекұлы Рыскелдиев болып табылатын «Қазақстан Республикасында жоғары тех­нологиялық инновациялық ем әдістерін нейрохирургия патологиясында дамыту» жұ­мыс­тар топтамасы ие болды.

Нейрохирургия паталогиясын емдеудің инновациялық әдісі бойынша көпжылдық кешенді зерттеулердің қорытындысын ұсы­нады. Аталған әдістің же­тістіктері тек алдыңғы қатарлы шетелдік клиника жағдайында орындалған күрделі операция­ларды жүргізуге мүмкіндік беру болып табылады. Оның маңыздылығы барлық әлемдегі нейрохирургия патологиясының кең таралуымен, операцияның күрделілігімен, сондай-ақ, арқа және бас ми ауруынан қайтыс болу және мүгедектіктің жоғары деңгейімен анықталады.  

Жұмыс нейрохирургия саласында инновациялық сипатқа ие. Әлемдік стандарттарға сәйкес нейропатологияны емдеудің 40-тан аса жоғары технологиялық әдісі ендірілген. Аталған әдісті қолдану арқылы 1394 операция жүргізілді. 11 облыстық орталықтар мен қалаларда инновациялық технологиялар ендірілді.

Қазақстан Республикасы Пре­­зиденті Н.Ә.Назарбаевтың бас­та­ма­шылығымен Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы ашылды. Орталық қызмет ету жылдарында қазіргі технологияларды ендіру және бәсекеге қабілетті нейрохирургия жүйесін құру бойынша үлкен нәтижелерге қол жеткізді, сондай-ақ, дүние-жүзілік деңгейдегі мамандармен танылды. Қазіргі таңда тек Қазақстанның жетекші клиникаларында ғана емес, сондай-ақ, Орталық Азияның дүние-жүзілік стандартқа сәйкес емдеу-диагностикалық, хирургиялық және қалпына келтірудің барлық кешенін ұсынатын орталық болып табылады.

Жұмысқа 57 пікір, олардың 10-ы шетел ғалымдарынан: (АҚШ, Израиль, Швейцария, Германия, Чехия, Жапония, Ресей) келіп түсті. Бұл нейрохирургия бойынша ірі халықаралық орталықтар мен оқу-мамандарынан түсті.

Жоғары наградаға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» География институты ұсынған, авторлары Ахметқал Рахметоллаұлы Медеу, Фарида Жианшинқызы Акиянова, Әлия Сәрсенқызы Бейсенова, Виктор Петрович Благовещенский, Мирғали Сапарғалиұлы Кунаев, Игорь Михайлович Мальковский, Эмиль Исабайұлы Нұрмамбетов болып табылатын «Қазақстан Республикасының атластық картографиялау саласындағы ғылыми жұмыстар топтамасы» ие болды.

Қазақстанда алғаш рет орын­далған атластың көп функцио­налды жиынтығы ұсыныл­ды. Әзірленген атлас кар­то­гра­фиясының тұжырымдамасы мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Атластар жаңа геоақпараттық технологияларды пайдалану ар­қылы құрылған (ГАТ) және жоғары деңгейдегі полиграфия­сымен ерекшеленеді. Үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орындалған.

Карталарда табиғаттың, қауым­дастықтың және экономи­каның қазіргі жағдайы туралы ақпарат көрсетілген. Эконо­микалық нәтижесі шекараны дамытуда тиімді жоспарлауды жоғарылатуға бағытталған материалдардан тұрады. Техногендік мәселелер жөніндегі карталар тіршілік әрекеті қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеудің негізін құрайды.

Жұмысқа 29 пікір түсті. Олар­дың 14 пікірі шетел ғалым­дарынан: (АҚШ, Франция, Гер­мания, Австрия, Қытай, Ни­дер­ланды, Ресей, Өзбекстан, Украина) келіп түсті.

Бұл ірі орталықтар – Ре­сей ғылым академиясының Гео­гра­фия институты, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, АҚШ Аляска Фер­бенкс университетінің Гео­физика институты, Мюнхен университетінің География де­партаменті, Қытай ғылым академиясы, Австрия ғылым академия­сы және басқалар.

Қазіргі кезде Қазақстан ғылы­мының дамуы көптеген параметрлер бойынша оң серпінге ие. «Ғылым туралы» жаңа Заңға сәйкес басқарудың жаңа моделі және ғылымды қаржыландырудың нысандары ендірілді. Осы механизмдер ғылым саласын да­мытуға, ғалымдар мен ғылым ұжымдарының ғылыми бастамаларын ынталандыруға, ғылыми идеяларды жүзеге асыруға оң ықпал етуде.

Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылуы жө­нін­де Елбасы алға қойған міндет­терді іске асыруға ел ғалымдары өз үлестерін қосуға күш жұ­мыл­дыруда.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

Соңғы жаңалықтар