• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 03 Қараша, 2020

Жаңа «Әліппе» қалай құрастырылады?

1934 рет
көрсетілді

«Әліппемен» қауышатынына қуанып қалған қауымды енді бұл оқулықтың мазмұны қалай болатыны қызықтырады. Ел назарындағы жаңа оқулық көпшіліктің үдесінен шығатынына үміт зор. Өйткені Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде әзірленіп жатқан «Әліппенің» мазмұнына жұмыс тобы байыппен қарап, ғылыми негізге және практикалық қолданымға байланыс­ты ұтымды ұсыныстың барлығын әбден зерделеді.

«Әліппені» әзірлеуге бағыт­талған жұмыс тобы қорытын­дысын шығарды. Осы уақытқа дейін бағдарлама, оқулық жасап жүр­ген нақты авторлардан құ­ралған бұл топ 20-дан аса отырыс өткізді. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова кеңінен айтып берді.

Оның айтуынша, «Әліппені» оқу бағдарламасына дайындау жұ­мыстары басталды. Бұл жұ­мыс­­тың соңы ретінде 2021 жыл­­дың қаңтар айынан бас­тап оқу­лық­тар апробацияға енгізіледі. Бұл үшін министрлік апро­бация өткізе­тін пилоттық мектеп­тер­дің тізімін бекітті. Осы бекітілген мектеп­терде «Әліппе» бағдар­лама­сы зерделенеді. Содан кейін оқу­лық даярлаудың бар­лық кезеңі­нен толық өтеді. Сарап­тама­дан өткен оқулықтар жаңа оқу жы­лында енгізіледі. Жалпы, «Әліп­пені» енгізу 2021-2022 жылға жос­парланып отыр.

– «Әліппені» оқытудың үш ке­зеңі қамтылған. Олар – «Әліп­пеге» дейінгі кезең, «Әліппе» кезеңі, сондай-ақ «Әліппеден» кейінгі кезең. Осының екі кезеңі «Әліппе» оқулығы арқылы іске асырылады. Ал кейінгі кезең мектептерде «Ана тілі» оқулығы бойынша жүргізіледі. Бұрынғы оқулықта «Әліппеге» дейінгі кезеңге көп көңіл бөлінген. Қазіргі оқытылып жатқан пәннің ішінде де осы ерекшеліктерге тоқталған, бірақ өз ерекшеліктері нақты оқуға байланысты берілген. Содан кейін ата-аналардың түсініспеушілігін тудырып жатқан тұстары бар. Оның бәрі қаперге алынып, қазіргі оқулық баланың физилогиялық жас ерекшелігін ескере отырып дайындалуда. Ең маңыздысы – «Әліппе» кезеңі. Онда әріп, дыбыс пен буындар үйретіледі. Сондықтан осы кезеңге баса назар аударылған, – деді Ш.Каринова.

Бұрын «Әліппемен» қоштасу желтоқсан айын­да өтетін. Қазіргі принцип те осыған не­гіз­­­­делді. Одан әрі қарай «Ана тілі» оқу­лы­ғы­на көшіп, оқушының сөз талғамы, сөзжа­са­­мын да­мыту осы кезеңде жүргізіледі.

«Әліппе» 105 жылдан кейін, яғни 2016 жылдан бастап мектеп та­­былдырығын аттайтын оқушы­лар­­ға оқытылмайтын болып, оның ор­­­нына «Сауат ашу» оқулығы ен­гі­­­­зіл­ген еді. Осыны еске салған Ы.Алтын­сарин атындағы Ұлт­тық бі­лім академиясының орта білім орта­­­­лы­ғының директоры Манара Ада­мо­ва енді­гі оқулықтың қалай оқы­ты­латынын атап өтті.

– Ата-аналар тарапынан «Әліп­пені» ізде­гендер көп болды. «Сауат ашу» мен «Әліп­пенің» айыр­ма­шы­лы­ғы­на тоқталсақ, «Әліп­пе» мен «Ана тілі» оқулықтары «Сауат ашу­­дың» ішіне кіріктірілген еді. Енді қазір әзір­­леніп жатқан оқу бағдарламасына сәй­кес шығарылатын «Әліппе» оқу­лы­ғы мен «Ана тілі» бөлек болады. «Әліппе» 96-98 са­ғат көлемінде бірінші жартжылдықта оқы­ты­ла­ды. «Әліппеге» дейінгі кезеңге 2 апта уақыт бөлінеді. Одан кейін «Әліп­пе» оқу­­лығы бойынша оқыту жал­ғас­тырылады. Қаң­­тар айынан бас­тап, яғни үшінші тоқсанға көш­­кен ке­зеңнен оқу мен жазуды жетілдіру үшін «Ана тілі» оқулығының аясында оқыту жал­ғас­тырылады, – деді М.Адамова.

Бұған қоса басқа да «Әліппе» жаңа оқу бағдарламасына қатысты ойларын орта­ға салды. Абай атындағы ҚазҰПУ «Бас­тауыш­та оқыту педагогикасы мен әдістемесі» ка­фед­­расының мең­ге­ру­шісі Азия Жұмабаева «Әліп­­­пе­де­гі» дыбыспен жаттығу әдіс­те­ме­сі­не тоқталды.

– «Әліппе» жаңа оқу бағдарламасы А.Байтұр­сынұлының ұстанымдары негізін­де жа­салды. Сол  ұстанымдардың бірі – дыбыс­пен жаттығу. Яғни дыбыспен жаттығу «Әліп­пеге» дейінгі кезеңде тікелей басшы­лық­қа алынды. А.Байтұрсынұлы балаларға алдымен әріп көрсетпей тұрып, дыбыс­пен жаттықтыру қажет дейді. Себебі оқуға келген балалар сөйлеуді біл­генімен, олар өз сөздерінің дыбыс­тан тұратынын білмейді. Осы орайда дыбысты білмей тұрып, сөздің ішін­дегі дыбыстарды тізбей тұрып, оқу мен жазу­ға үйрету қиын. Сондықтан ды­быспен жат­тықтыру қажеттігі еске­рі­ліп отыр, – А.Жұмабаева.

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл бі­лі­­мі институтының директоры Анар Фазыл­жа­но­ва «Әліппені» жасау барысында бала­­ның тілдік ерек­ше­ліктері, қазіргі қазақ баласы ең жиі қол­данатын сөздер еске­ріл­ге­нін алға тартты.

– «Әліппеде» қай әріпті бірінші үйретеміз, одан кейін қай әріптерді қоямыз? Осы мәсе­ле­лер барынша объек­тивті түрде қаралды. Әріптердің ретін анықтау кезінде оның А.Бай­тұрсыновтың «Әліпбиіндегі» әріптер ретіне біршама ұқсас болып шықты. Яғни қазақ тілінің заңдылығы бо­йынша әріптердің реті қазіргі «Әліп­пе­де» де әзірленді. Біздің институт қазақ әріптерінің қазіргі заманауи мә­тіндердегі жиілігін анықтау мақ­са­­тында жұ­мыстар атқарды. Нә­ти­жесінде, «Қазақ әріп­терінің жиі­лік сөз­дігі» әзірленді. Сөз­дікт­ің не­гі­зін­де қазақ мәтіндерінде жиі кез­­де­­сетін әріптердің және әріп тір­кес­те­рінің реті көрсетілді. Біз анық­та­­ған әріптер жиілі­гі қазіргі қазақ мәтіндерінен алып отыр. Яғни бала өмірінде күнделікті кездесетін мәтін­дер­ден ғана емес, жалпы 5 стильдегі мәтін­дер­ден алынып отыр. Мұндай жағдайда лингвистикалық білімдерге түзету қажет бол­ды. Біз оны жасадық. Бұл сөздік таза лингвис­ти­калық мә­лі­мет­тер алу үшін ғана емес, сонымен қатар түрлі әдістемелік құралдар әзір­­леу үшін де қажетті білім береді, – деді А.Фазылжанова.

Өз кезегінде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ди­ректоры Кенжехан Матыжанов «Әліппе» ұғымы қазақ хал­­қы­ның түсі­ні­гі мен дүниетанымында қас­­­терлі пән ретінде қалыптасып қалғанын атап өтті.

– Егер әрбір азамат алғашқы мұға­лі­мін қан­шалықты қадірлейтін болса, қазақ азаматы «Әліппені» де сондай қадір тұтатын болған. Сондықтан «Әліппе» күн тәртібінен түсіп қал­ған кезде бүкіл халық болып осы оқу­лық­ты іздеді. Ал енді «Әліппені» қайтару қа­зақтың рухани әлеміндегі жаңа оқиға сияқты көрініп отыр. Осының бар­лы­ғы ұлттық рухымызды көтеруге ерекше әсер етеді. Алғаш оқулықты «а» әрпінен бастағаннан баланың жүрегінде ұлттық рух қалыптасатын болса, ол азамат ертең өз елінің үлкен патриоты бола­тыны айдан анық. Сондықтан әріптердің, дыбыстардың рет­тілігінің бәрі Ахмет Бай­тұр­сынұлы анық­таған ұстанымдармен сәйкес келуі бұл жаңа «Әліп­пенің» үлкен ұлттық рухтағы жа­ңа­лы­ғы деп айтуға болады, – деді К.Маты­жа­нов.

Сондай-ақ көпшілікті «Әліппе» оқулығын жаңар­туға қатысты қанша қаражат бөлінгені және қай басылымда басылып шығатыны қызық­тырды. Бұған вице-министр Ш. Кари­но­­­ваның жауабын ұсынамыз.

– Біріншіден, оқулық шығаруға мем­лекет тарапынан қаражат жұм­сал­майды. Өйткені қазіргі кезде жал­­пы оқулық жасау бағыты бәсе­ке­­лестік ортаға берілген. Қазіргі ке­ліп түсіп жатқан оқулықтардың барлы­ғы шамамен 15 баспадан жібе­рі­леді. «Әліппеге» байланыс­ты жасалып жатқан жобалар бар. Сон­дықтан бұл тұрғыда Үкімет қара­жа­ты жұмсалмайды. Ал оқулық сатып алу мәселесіне келсек, бұл – бөлек жағдай. Оқулық дайындалып, шыға­рыл­ғаннан соң, оқулықты таңдау кезін­де әрбір жергі­лік­ті атқарушы органның кө­ле­мін­де белгі­лене­тін жоспар­лы қаражат бар. Ол бес жылда бір оқулықтардың жаңартылуына қарас­ты­ры­лады және өзгерген бағдарламаға байланысты бо­лады. Осы орайда тиісті қаражат бе­кі­тіліп, жергілікті органдарда еске­ріледі. Алдағы оқу жылында «Әліп­пені» сатып алу жұ­мысын жос­пар­ға сай жергілікті әкімдіктер, білім бас­қар­малары жүргізеді, – деді ведом­­­­ство өкілі.

Сонымен, көптен күткен жаңа «Әліп­пе­нің» мазмұны бекітіліп, оны оқу бағдар­ла­масына енгізу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ «Әліппе» әзір­леу кезеңінде орыс тілді жұмыс тобы да жұмыс істегенін атап өткен жөн. Яғни орыс тілінде оқы­татын мектептердің жайы да еске­рілді. «Әліппе» мен «Букварь» – бірың­­ғай оқулықтар. Жұмыс топтары осы екі оқу­лық­ты, ең алдымен, маз­­мұндық жағынан үйлес­тіруге ба­ғыт­­талған. Оқулықтардың маз­мұны бо­йынша Қазақстан біздің ортақ Ота­ны­мыз екені айтылып, қазіргі заман­ғы өмір шындығын қамтуға тиіс. «Әліппе» мен «Букварь» әріптері мен ды­быс­тарының реті, қолдану жиілігі ескеріледі. Белгіленген ке­зең­дер екі оқулықта да бірдей.