Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты туралы баяндамасы – бүгінгі жаһандық дүрбелең мен ертеңгі экономикалық болжамның айнасы іспетті. Таяу Шығыстағы лаулаған қақтығыс пен алпауыт елдердің саяси текетіресі әлемдік нарықтың тамырын құбылтқан шақта, қаржылық реттеушіміз алдағы кезеңнің картасын сызып берді. Сұраныс пен ұсыныстың арасындағы нәзік тепе-теңдік пен инфляцияның ізіне түскен мемлекеттердің қалпы қандай?
Таяу Шығыстағы тұрақсыздық мұнай нарығына белгісіздіктің дәнін еккендей. Десе де, Ұлттық банктің пайымынша, 2026 жылдың жартысынан бастап қара алтынның бағасы барреліне 60 доллар төңірегінде тұрақтанады деп күтіледі. Жылдың басында Венесуэла мен Таяу Шығыстан келетін жеткізілімдердің үзілу қаупі бағаны біршама асқақтатқанымен, бұл қысымның ғұмыры қысқа болмақ.
Бағаның төмендеуіне, ең алдымен, 2025 жылы жиналған мұнай қорларының профициті мен АҚШ, Бразилия, Гайана, Аргентина және Сауд Арабиясындағы өндіріс көлемінің артуы сеп болмақ. Сұранысқа келсек, ол өседі, бірақ өндіру қарқынынан баяу болады. Бұған АҚШ тарифтеріне бейімделу мен мұнайдың арзандауы оң әсер етпек. Қытай стратегиялық резервтерін толтыруды тоқтатпайды, ал Үндістан, Таяу Шығыс пен Африка елдері тұтыну көлемін арттырып, сұранысқа тірек болады.
Мұнай бағасы 15%-ға төмендеп, бір барреліне 83 долларды құрады
Азық-түлік арзандап, іскерлік белсенділік арттыӘлемде азық-түлік нарығында бағаның құлдырауы әлі де байқалады. 2026 жылдың қаңтар айында ФАО индексі 123,9 пунктке (-0,4% а/а) дейін төмендеді. Әсіресе сүт өнімдері мен қант бағасының арзандауы толастар емес, тіпті ет өнімдері де соңғы екі айда төмендеу бағытын ұстанған. Дәнді дақылдар өндірісінің артуы қысқа мерзімде баға қысымын жеңілдеткенімен, алдағы уақытта қалыпты қарқынмен өсуі мүмкін.
Жаһандық іскерлік белсенділіктің композиттік индексі 2026 жылдың қаңтарында өсім жолына түсті. Өнеркәсіпте жандану бар, бірақ оның қарқыны әркелкі. Кей елдерде тарифтер мен белгісіздік кедергі келтірсе, қызмет көрсету секторы керісінше тұрақты дамып, экономикалық өсімнің негізгі тетігіне айналып отыр.
Азық-түлік неге қымбаттап жатыр? Серік Жұманғарин баға өсімінің себептерін атады
Көршілер мен алпауыттардың ахуалыХалықаралық валюта қорының болжамына сүйенсек, 2026 жылы әлемдік экономиканың өсімі 3,3% деңгейінде сақталып, 2027 жылы 3,2%-ға дейін сәл баяулайды.
Қытай: Экономикалық белсенділігі күткеннен жоғары болғанымен, ішкі сұраныстың әлсіздігі, жылжымайтын мүлік нарығындағы қиындықтар мен халықтың қартаюы салдарынан біртіндеп баяулай бермек. Инфляция мұнда 1%-дан төмен деңгейде қалады. Еуроодақ: Өсім қалыпты, ішкі сұраныс пен инвестициялардың қалпына келуі оң ықпал етуде. Инфляция 2% мақсатты деңгейінің маңында тұрақтайды. Ресей: 2025 жылы экономикалық өсім 1,0%-ға дейін бауялады. Санкциялық қысым мен мұнай кірістерінің азаюы Ресей экономикасын өз әлеуетті деңгейінде тұрақтануға мәжбүрлейді. Ең басты қауіп – инфляция. Қаңтар айында ҚҚС пен тарифтердің өсуі салдарынан инфляция жылдық мәнде 6,0%-ға жетті. Ресейде бағаның мақсатты деңгейге жетуі тек 2027 жылдың басына қарай мүмкін болады.Инфляция: Қатаңдық емес, икемділік керек
Монетарлық саясат: Күту ұстанымы мен сақтықСыртқы монетарлық жағдайлар әзірге өзгеріссіз. Әлемдік орталық банктер геосаяси тәуекелдер мен белгісіздікке байланысты «күту» ұстанымын таңдап отыр.
АҚШ ФРЖ: 2025 жылы мөлшерлемені үш рет төмендеткеннен кейін, қазір оны 3,75% деңгейінде сақтап тұр. Болжам бойынша, алдағы уақытта мөлшерлемені сақтықпен төмендету жалғасады. Еуропалық орталық банк: Мөлшерлемені 2,15% деңгейінде өзгертпеді. Нарық 2026 жылы үлкен өзгерістер бола қоймайды деп есептейді. Ресей банкі: 2026 жылдың ақпанында мөлшерлемені 50 базистік пунктке төмендетіп, 15,5%-ға жеткізді. Демек, алдағы отырыстарда мөлшерлеменің одан әрі төмендеуі әбден мүмкін.Алдыңғы болжамды раундпен салыстырғанда тәуекел балансы біршама төмендегені байқалады. Десе де, инфляцияның белгіленген траекториядан ауытқу ықтималдығы әлі де жоғары. Бұл жағдай ақша-несие шарттарын орташа қатаң деңгейде сақтау қажеттілігін тудырып отыр. Ресейдегі бағаның біртіндеп баяулауы мен Қытайдағы инфляциялық динамиканың әлсіздігі сыртқы инфляцияның жеделдеу қаупін сейілткендей. Ал әлемдік мұнай бағасының төмендеу тәуекелдері Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің күшеюіне байланысты азайды – жеткізілімдердің үзілу ықтималдығы баға конъюнктурасын амалсыз демеп тұр.