• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Қазақстан жолдарында су тасқыны қаупі бар 200-ден астам учаске анықталды

10 рет
көрсетілді

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне көлік инфрақұрылымын дайындау мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Кеңес барысында көктемгі су тасқыны кезеңінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдары мен теміржол желілерінде қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету шаралары қарастырылды.

«Қазіргі уақытта республикалық автожолдарда жалпы ұзындығы 160 шақырымды құрайтын су шаю қаупі бар 229 учаске бақылауға алынған. Аталған учаскелерге 2252 бірлік техника бекітіліп, күнделікті мониторинг жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада. 

Алдын алу шараларын қабылдау мақсатында 40 мың м³ бут тасы, 16 мың м³ құм, 5 мың м³ қиыршық тас және 23 мың м³ құм-қиыршық тас қоспасы, сондай-ақ 280 мың қап дайындалды. Сонымен қатар, тасқын суды кедергісіз өткізу үшін су өткізгіш құбырларын тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Су басу қаупі бар учаскелерде 2025 жылы 582 жаңа су өткізгіш құбыр орнатылды, ал 2026 жылы тағы 467 құбыр орнату жоспарланып отыр.

Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде соңғы төрт жылда республикалық автожолдардағы су басу қаупі бар учаскелер саны 396-дан 229-ға азайды.

Теміржол желісінде жоспарлы түрде 290 вагоннан тұратын 45 пойыз жасақталды. Олар қажетті құрал-жабдықтармен, инертті материалдармен, бут тасымен және металл көпір құрылымдарымен қамтамасыз етілген.

Оңтүстік, Батыс және Шығыс өңірлерінде 2350 көпір, 4426 су өткізгіш құбыр, 1215 км кювет және 336,8 км таулы арықтар толық тазартылды. Бұл жоспарланған жұмыстың 100 пайызын құрайды. Солтүстік өңірде аталған нысандарды тазарту жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда.

Су тасқыны кезеңінде жедел әрекет ету үшін қажетті құрылыс материалдары да дайындалды. Атап айтқанда, 2,5 мың м³ бут тасы, 7,4 мыңнан астам темірбетон шпалдар, 10 инвентарлық металл аралық құрылымдар және 41 инвентарлық рельстік пакет әзірленді.

Су тасқыны қаупі – басты назарда

Кеңес қорытындысы бойынша вице-министр «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы РМК, «ҚТЖ» ҰК» АҚ МЖБ және жергілікті атқарушы органдарға су басу қаупі бар учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды, іс-қимылды үйлестіру үшін жұмыс топтарын құруды және жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды.

Су тасқыны: Қай өңірлерде қауіп бар?  
Соңғы жаңалықтар