Измирде 6,6 баллдық жер сілкінісі салдарынан 95 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының мәліметінше, зілзаладан зардап шеккен 962 адамның 743-і ауруханадан шығарылған, 147 адам ем-дом қабылдауда.
Реанимация бөлімшелерінде Түркияның батысындағы тоғыз тұрғын бар, олардың төртеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қираған бес ғимаратта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Кеше кешке Измир прокуратурасы Түркияның батысындағы жер сілкінісі аймағында құлаған үйлердің құрылысына қатысқан 11 адамның 9-ын қамауға алуға санкция берді.