Нұр-Сұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысы Д.Досқұловқа жануарларды қорғау саласындағы заңнамалық актілердің әзірленуі мен қабылдануына тиісті бақылаудың болмағаны үшін сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жануарларды ұстау жұмыстарын күшейту туралы "Ашық құқықтық актілер" порталына жүктелген құжаттың жарамсыз екендігін хабарлаймыз. Қаңғыбас жануарларды ұстау және аулау ережелерін қатайту мәселесі қалалық әкімдікте қаралмайды.
"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заң қабылданғаннан кейін оны жүзеге асыруда жануарларды қорғау ұйымдары өкілдерінің пікірлері ескеріліп, құқықтық актілер қабылданатын болады.