• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Қараша, 2020

Түркиядағы зілзаладан қайтыс болғандар саны 105-ке жетті

161 рет
көрсетілді

Түркияның батысындағы Измир провинциясындағы жер сілкінісі құрбандарының саны 105-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан 105 адам қайтыс болып, 1027 адам зардап шеккен. Ауруханалардан 847 адам шығарылды, 147 адам қажетті медициналық көмек қабылдап жатыр.

Қираған бес үйдің орнында іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.