Түркияның батысындағы 6,6 баллдық жер сілкінісі құрбандарының саны 114 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының мәліметіне сәйкес, 30 қазандағы жойқын жер сілкінісінен кейін Түркияның батысында 1713 соққы тіркелді.
Зардап шеккен 1035 адамның 898-і ауруханалардан шығарылды, Измирдің 137 тұрғыны ем қабылдауды жалғастыруда. Іздеу-құтқару жұмыстары қираған 17 тұрғын үйдің 15-інде аяқталды.