KASE қор биржасының мәліметінше, 5 қарашадағы таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 431,67 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 433,0 теңгеден сатылса, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 432,64 теңгеден сатылып жатыр.