• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Қараша, 2020

Грузияда бір тәулікте үш мәрте жер сілкінді

301 рет
көрсетілді

Грузия елінің батысында магнитудасы 3.5 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуі 4 қараша күні, Тбилиси уақытымен сағат 23:57-де тіркелген. Зілзала аудан орталығы Ониден (Рача-Лечхуми және Квемо Сванети аймағы) оңтүстікке қарай 9 шақырым жерде болған. Тереңдігі – 12 шақырым.

Қираған ғимараттар туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Соңғы тәулікте Грузияның батысында үш жер сілкінісі болды. Сағат 18:04-те және 18:05-те аудан орталығы Онидің маңында және Сахчере қаласына (Имеретия аймағы) жақын жерде магнитудасы 3.5 және 3.6 жерасты дүмпуі тіркелген.