Алматы полициясы метрода пойыздың соңғы вагонына жармасып алып, "Алмалы" бекетінен "Абай" бекетіне дейін жеткен блогерді іздестіруде, - деп хабарлайды Egemen.kz
Экстремал-блогердің видеосы SheRIFF Almaty YouTube арнасында "Зацеп метро Алматы" атауымен жарияланған. Видеоның авторы пойыз кезекті бекетке тоқтаған сәтте, соңғы вагонның артына жармасып, келесі бекетке дейін жеткен. Экстремал өз әрекетін видеоға түсірген.
"Алматы метросында пойызға жармасып, "Алмалы" бекетінен "Абай" бекетіне дейін жетіп алдым", – делінген видеодағы жазбада.