• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Руханият 06 Қараша, 2020

Шығыс мәдениетінің І республикалық фестивалі

212 рет
көрсетілді

Қостанай облыстық ассамблеясы ұйымдастырған мәдени онлайн іс-шараға Қостанай, Тараз, Ақтау, Орал, Павлодар қалаларының шығармашылық ұжымдары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауқымды шара әр өңірдегі өнер ұжымдарының шығармашылық әлеуетінің артуына, сонымен қатар өзара мәдени байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

– Тарихты алып қа­расақ, қазақ, өзбек, тәжік жұр­тының түп тамыры бір. Біз­ді ортақ тарих, ортақ құн­дылықтар, өзара құрмет пен се­німге негізделген дос­тық қа­рым-қатынас бірік-­

тіреді. Біздің ұлттық бір­лес­тік­­тің он бес жылдан астам тарихы бар. Біз Елбасымыз Н.Назарбаев­тың көреген саяса­ты­ның негізінде жиырма бес жыл бұрын құрылған тату­лық пен ке­лісімнің қара ша­ңырағы – Қазақстан халқы ассамблея­сында да бір­лікте өмір сүріп келе­міз. Со­ның арқасында Өз­бекс­тан мен Тәжікстан елдері­нің салт-дәстүр, әдет-ғұрып­тарын танытып, ұлттық ерек­ше­лік­терімізді сақтауға тырысамыз, – дейді «Шарқ» этномәдени бірлестігінің ақ­сақалы Хамид Ёрибеков.

Қоғамдық-бұқаралық іс-ша-

раларды ұйымдастыру бө­лімінің басшысы Юлия По­но­мареваның сөзінше, шығыс мәдениетінің «Жібек жолы» фестивалі былтыр жүзеге асы­­рылған жоқ. Сол себепті би­ыл­ғы іс-шараны жоғары дең­гейде өткізудің маңызы зор.

– Онлайн іс-шараны өткізу үшін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі өнерпаздарды тарт­тық. Ақтау қаласының «Экзотика» би ансамблі иран халқының «Бахрам» биін, Орал қаласының әртіс­тері өз­­бек халқының «Хо­резм» биін, Павлодар қала­сының «Эвришим» ансам­блінің би­­шілері ұйғыр халқының «Гульдәк жананла» биін, Тараз қаласының «Инфинити» би ұжымы өзбек халқының жа­лынды биін паш етсе, жер­гілікті «Алтынай» би ансамблі мен Достық Үйінің «Indigo» хо­реографиялық ұжымы кө­рер­мендерді мың бұралған биімен тәнті етті. «Шарк» тәжік-өзбек этномәдени бір­лестігінің белсенді мүшесі Анвар Оспанов және «Асем-бэнд» би ұжымының жеке орын­даушысы Камиля Жуну­сова өзбек тілінде әуелете ән шыр­қады. Достық Үйінің көр­­кемдік жетекшісі Мария Кубжасова баршаға танымал «Шайхана» әнін нақы­шына кел­тіре орындап, тыңдар­­мандардың ыстық ықы­ласына бө­ленді, – дейді Юлия Поно­марева.

 

Қостанай облысы