Елордада коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін мобильді топтар ұдайы рейд жүргізіп, карантин талаптарының сақталуын қадағалап жатыр.
Ережелерді елемейтіндерді полиция қызметкерлері, еріктілер, тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдері, аудан әкімдіктері анықтайды. Карантин кезінде белгіленген жұмыс кестесі мен қауіпсіздік ережелерін сақтамау әлі де жиі кездеседі.
Кезекті рейд барысында мобильді топ 4 қараша күні сағат 01:36-да жұмыс істеп тұрған Tequila барын анықтады. Барға 30 адам келген.
Сондай-ақ Flash компьютер клубында антисептик, дене температурасын өлшеуге арналған термометр және дезинфекциялық төсеніш болмады. Бұдан басқа да заңбұзушылықтар анықталған.
Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.
Бұған дейін хабарланғандай, 1 қарашадағы жағдай бойынша аудандық полиция басқармаларынан 1 700-ден астам материал түскен. 800-ге жуық жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.