• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қараша, 2020

Таразда бір отбасының 3 адамы өрттен көз жұмды

194 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының Тараз қаласында өрттен үш адам мерт болды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Апат құрбандары - 1936, 1960 және 1982 жылы туған қала тұрғындары. Соңғы мәлімет бойынша, өрт кезінде егде жастағы әйел мен оның баласы түтінге уланған. Үйдің жанында орналасқан ас үйде тұратын немересі өрт сөндіру қызметі келгенше туыстарын құтқарамын деп өзі де улы газдан уланып, көз жұмған.

Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне түнгі сағат 3:26 шамасында хабар келіп түсті. Өртті сөндіру үшін жеке құрамнан 21 адам мен 5 техника жұмылдырылды. Таңғы сағат 04:24 кезінде өрт толығымен сөндірілді.