• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2013

Даму банкі төрт аяғынан нық тұр

364 рет
көрсетілді

Қазір ең күрделі жобаларды қаржыландыруға дайын

Кеше «Қазақстанның даму банкі» АҚ-та баспасөз конференциясы болып өтті. Банкте 2010-2013 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар қо­­рытындыланды. Сондай-ақ, банктің басқарма төрағасы Нұрлан Құ­сайынов осы айдың 25 жұлдызынан бастап басқа қызметке ауысатын болғандықтан уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқта­татын­дығын жариялады.

 

Қазір ең күрделі жобаларды қаржыландыруға дайын

Кеше «Қазақстанның даму банкі» АҚ-та баспасөз конференциясы болып өтті. Банкте 2010-2013 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар қо­­рытындыланды. Сондай-ақ, банктің басқарма төрағасы Нұрлан Құ­сайынов осы айдың 25 жұлдызынан бастап басқа қызметке ауысатын болғандықтан уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқта­татын­дығын жариялады.

Конференцияға Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы – ҚДБ директорлар кеңесінің мүшесі Қуандық Бишимбаев, банктің тәуелсіз директоры Уольф Вокурка, ҚДБ басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов қатысты. Шараны банктің тәуелсіз директоры жүргізді. Ол Қазақстан даму банкінің мақсат-міндеті мен қызметі туралы айта келіп, бірінші сөз кезегін банктің директорлар кеңесінің төрағасы Әсет Исекешевке берді.

«Елімізде жүргізіліп жатқан индус­трияландыру шарасы – мемлекеттік саясатымыздағы басым бағыттардың іргелі әрі ілгерісі екені мәлім. Ал осы Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүйелі қаржыландыратын және оның бас­ты операторларының бірі Қазақ­станның даму банкі. Сондықтан аталған банктің жұмысын үнемі жүйелеп отыру өте маңызды. Бірінші айтарымыз, 2010-2013 жылдар аралығында банк ел экономикасына 3 млрд. доллардан астам қаржы салды. Осы кезеңдерде, елімізде жалпы құны 7 млрд. доллар болатын 36 ірі жоба мақұлданған. Даму банкі осы жобаларды жүзеге асыруға белсене қатысып, оларға 4,3 млрд. доллар құйыпты. Біле-білгенге бұл аса ауқымды жұмыс», деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Қазіргі уақытта Қазақстан даму банкінің басты операторлығымен дүниеге келген кешенді жобаларда 10 мыңнан астам адам еңбек етіп жатыр. Осыдан үш жыл бұрын аяғын енді ғана тәй-тәй басқан банктің аз уақыттың ішінде осындай биік көрсеткішке қол жеткізуі, оның басшылары мен қызметкерлерінің қаржыны білікті басқара білуінің нәтижесі. «ҚДБ Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді абыроймен атқарып шығып, банктің тиімділігі мен корпоративті басқару қызметін жақсы жетілдіре білгенін де айтқым келеді. Бүгінде даму банкі ха­лықаралық стандарттардың бәріне сай қызмет етіп жатыр деуге толық негіз бар», – деп қорытындылады сөзін Ә.Исекешев.

«Бәйтерек» холдингінің басшысы Қ.Бишимбаев ҚДБ жұмысындағы кәсібилікті жоғары бағалады. Сөй­тіп, банктің басқарма төрағасы Н.Құ­сайыновқа алғысын білдірді. Холдинг басшысының сөзіне қарағанда, өркендеу жолындағы банк бүгінде коммерциялық институттарға тартымды емес, бірақ елге аса қажет кез келген ірі және қиын жобаны қаржы­ландыруға дайын көрінеді.

«Үш жыл бұрын банк пен оның басшысы болып табылатын менің алдымда бірқатар мақсаттар тұрды. Шүкір, сол биік мақсаттарды игеріп келеміз. Нәтижесінде көптеген ауыр және ма­ңызды өзгерістерден өттік. Банктің стра­тегиясы түзелді, міндеттемелерді бас­қару жақсарды. Қиюы қиын жобаларды еліміздің инвестициялық қорына тап­сыру мен балансты тазалау бойынша бірегей мәміле жүргізіліп, бизнес үдерістерді оңтайландыру шаралары тиім­ді қабылданды», – деді Н.Құсайынов.

Даму банкінің бүгіні мен келешегі туралы әңгімелеген Уольф Вокурка, корпоративті басқарудың жоғарғы дең­­гейін меңгерген банктің дәл қазір төрт аяғынан нық тұрғанын жеткізді. Кон­ференцияның екінші бөлімінде директорлар кеңесінің мүшелері тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар