• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қараша, 2020

Алматыда мемлекеттік қызмет "бір терезе" қағидаты бойынша көрсетіледі

434 рет
көрсетілді

Алматы тұрғындары  үшін мемлекеттік органдарды ашық әрі қолжетімді ету мақсатында "Сервистік әкімдіктер" жобасы жүзеге асты. Жоба шаһардың сегіз  ауданын тұтас қамтыған, деп хабарлайды Egemen.kz

Қала билігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бірлесе  жүзеге асырған жобаның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың азаматтарға ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, кедергісіз орта қалыптастыру.

– Мемлекеттік қызметтерді алу процесі тұрғындар үшін барынша жеңілдетілген әрі ыңғайлы болып отыр. Бұл – ел Президентінің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатына сәйкес келеді. Open space форматында азаматтарға ең қажетті мемлекеттік қызметтер көрсетіліп, кеңестер беріледі. Ашық кабинеттерде тұрғындарды аудан әкімдері мен оның орынбасарлары қабылдайды. Карантинге байланысты кездесулер онлайн форматта өтеді. Қала тұрғындарын абаттандыру, ТКШ, жолдар мен аулаларды жөндеу, қоғамдық қауіпсіздік, жарықтандыру мен сумен жабдықтау мәселелері толғандырады, - дейді  Алматы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов.