Америка Құрама Штаттарында өтіп жатқан президент сайлауына демократиялық партия атынан түскен Джо Байден жеңіске қажет дауысты жинады. Бұл туралы CNN хабарлады.
Сайлау барысында 77 жастағы Байден таңдаушылардың 273 даусын жинап, Американың қазіргі президенті, республикалық партия үміткері Дональд Трампты басып озған. Сөзсіз президент атану үшін кандидаттар кем дегенде 270 дауыс жинауы тиіс.
Байден Пенсильвания штатында өзіне жетпей тұрған дауыс көлемін жинап, қарсыласынан озып кетті.
Айта кетейік, сайлаудың соңғы қорытынды нәтижесі 14 желтоқсаннан кейін белгілі болады.