Зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныс құралдарына жаңа бағалар белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттікке бағалардың барлығына талдау жүргізу және зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныс құралдарының баға саясатына мониторинг жүргізу тапсырылған.
Нәтижесінде ПТР-тесттердің бағасы ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс нарығының 36 субъектісімен жасасу жолымен 18 000 теңгеден 9 000 теңгеге дейін төмендеді. "Олимп "КДЛ" ЖШС және "Инвиво" ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын баға белгіледі. Ал "Сұңқар" ЖШС және "Әйгерім" ЖШС сынды жекелеген зертханалар бағаларды тиісінше 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті.
Сондай-ақ медициналық маскалардың бағасы бір данасы үшін орта есеппен 21 теңгеге дейін, дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерінің үстеме бағасы бір данасы үшін 20 теңгеден 3 теңгеге дейін, өндірушілермен, дистрибьюторлармен және бөлшек сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенс әзірлеу арқылы бір данасы үшін орта есеппен 60 теңгеден 26 теңгеге дейін төмендеді.