• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2013

Бірлікті бекемдеудің үздік үлгісі

264 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысы болып өтті. Кеңес жұмысына Президент Әкімшілігінің басшылығы, Парламент депутаттары, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен ғылыми-сарапшылық кеңестің өкілдері жиналды.

Кеше Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысы болып өтті. Кеңес жұмысына Президент Әкімшілігінің басшылығы, Парламент депутаттары, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен ғылыми-сарапшылық кеңестің өкілдері жиналды.

Жиынды ашқан Қазақстан хал­қы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов сөз тізгінін Мемлекеттік хатшыға ұсынды.

Марат Тәжин Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында этносаралық қа­рым-қатынас саласындағы жұ­мысты жандандыру бойынша берген тапсырмаларының орындалуын зерделеп, мемлекеттік этносаясатты жетілдіру, ел бір­лігі мен қоғамдық келісімді әрі­ қарай дамытудың бірқатар мә­селелерін нақтылап өтті. 2013 жылы Қазақстан халқы Ас­самблеясы тарапынан айтулы жұ­мыстар атқарылды. Елбасы Ас­самблеяның биылғы XX сессиясында бұл институттың Қа­зақстан қоғамындағы ерекше орнын атап көрсеткен еді. Президент Ассамблеяға «қоғамдық келі­сімнің бас институты, жалпы­аза­маттық, жалпыұлттық ішкі саяси мүдделерден жоғары конс­титуциялық орган» деген­ баға бер­ді. Сондықтан да, қоғамдық келісім мен ел бірлігі – Ассамблея жұмысының және Қазақстан этносаясатының негізгі бағыты ретінде жалғаса беретін бола­ды. Елбасы Жарлығымен Қазақ­стан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжы­рымдамасы бекітілгенін білесіз­дер. Тұжырымдаманы іске асы­руға арналған іс-шаралар жос­пары жан-жақты сарапталып, нақты шаралардың тізімі жасалды. Бүгінгі таңда бұл құжат рет-ретімен іске асырылуда. Осының өзі – Ассамблеяның жүйелі институт ретінде қалыптасып, қадамын нық басқанын дәлелдейді. Со­нымен қатар, қабылданған бар­лық шешімдер Қазақстан хал­қы Ассамблеясының әрбір мүше­сінің алдына үлкен міндеттер жүк­тейтінін ұмытпауымыз керек, деді Мемлекеттік хатшы.

М.Тәжиннің айтуынша, ағым­дағы жылы этносаралық қарым-қа­тынасты жандандыру бойын­ша біршама жұмыстардың басы қайырылыпты. Біріншіден, Қа­зақстан халқы Ассамблеяның жақын болашаққа арналған стра­тегиялық және бағдарламалық құ­жаттары қабылданып, Тұжы­рым­даманы жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары бекітілген. Яғни, біздің 2020 жылға дейінгі бағдарламалық құжатымыз бар. Бұл құжат тиісті ресурстармен қам­тамасыз етілген. Демек, осы құжат аясында алға жылжитын боламыз, деді М.Тәжин. Екін­шіден, Мемлекеттік хатшы этнос­тық үдерістерді дамытудың инс­титуттық негізі қаланып, айқын­далғанын жеткізді. Ассам­блеяның өз ішінде бірқатар ма­ңызды талқылаулар мен келіс­сөз­дер жүргізілді. Мәселен, 29 наурызда Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ, облыстар әкімдерінің орынбасарларымен, Ассамблеяның өңірлердегі хатшылықтарының меңгерушілерімен кездесулер ұйымдастырылса, 20 қыркүйекте Ғылыми-сарапшылық кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді. Ассамблеяның Ғылыми-сарап­шылық кеңесі өзінің әлеуеті жағынан еліміздегі ең үздік деген сарапшылық алаңдардың бі­ріне айналды. Бұл ретте біз оның осы әлеуетін одан әрі жандандыруымыз керек. Сонымен қатар, мемлекеттік этносаясатты институттық, ресурстық, ғылыми-сарапшылық жағынан дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берілгенін де атап өткен жөн, деді М.Тәжин.

Үшінші кезекте Мемлекет­т­ік хатшы этномәдени бірлес­тік­тер жұмысын жанданды­ру­да материалдық және әдістеме­лік базаның анағұрлым нығай­тыл­ғанын атап өтті. Бұл ретте, Достық үйлері жұмысын үйлестіруге қатысты тұжырымдама жобасы әзірленіп, Достық үйлері дирек­торларының Әдістемелік ке­ңесі құрылды. Ал, төртіншіден, еліміздегі этносаралық қарым-қа­тынастарды дамытудың жаңа кезеңі ретінде Ассамблеяның XX сессиясын атап өтуге болады. Бұл сессияда Президент – Қа­зақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жағдайдағы ұлттық саясатты жаңа сипаттағы стратегиялық көзқараспен айқындап берді. Яғни, қоғамдық келісім – Ассамблея жұмысының стратегиялық ба­ғы­ты деп жарияланды. Себебі, Ассамблея – Қазақстанның ма­ңызды жалпыазаматтық, жалпы­ұлттық институты. Бұл тұрақ­тылық пен ұлттық бірліктің мықты іргетасы, деді Мемлекеттік хатшы.

Отырыстағы сөзінде М.Тәжин Ассамблеяның XXI ғасырдағы миссиясы кеңейіп келе жатқанына да тоқталды. Мемлекет басшы­сы қоғамдық келісімнің біртұтас по­лиэтносты халық өмірінің, мемлекеттің, азаматтық қо­ғам­ институттарының, сая­си­ партиялардың, діни конфес­сия­лар­дың басты белгісі ретіндегі рөлін айқындап берді. Дамудың жаңа кезеңінде Ассамблея Кеңесінің барлық мүшелерінің, әсіресе, этносаяси бірлестіктер жетекшілерінің Мемлекет басшысы айтқан тапсырмаларды белсенді және жауапкершілікпен жүзеге асыруын қамтамасыз ету керек, деді бұл ретте Мемлекеттік хатшы. Осылай дей келе, ол бірқатар мәселелерді атап өтті. Біріншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ассамблея аясында барлық өңірлерде Қоғамдық келісім кеңестері құрылды. Олардың миссиясы – түрлі әлеуметтік күштер мен институттарды біріктіріп, әлеуметтік проблемаларды ше­шудің жолдарын қарастыру. Демек, бұл кеңестердің аясында азаматтық қоғамның әлеуетін жергілікті жерлердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағыттау керек. Бұл кеңестердің бір міндеті – өңірлік деңгейдегі барлық құрылымдарда медиация институттарын белсенді дамыту, бұл үдеріске үкіметтік емес ұйымдарды тарту болуы мүмкін. Екіншіден, Ассамблея Кеңесі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жұмыстарын жалғастыруы қажет. Себебі, қазіргі таңда ол халықты біріктіруші, жұмылдырушы фактор, деді М.Тәжин.

Оның пікірінше, «Қазақ­стан-2050» жаңа саяси бағытының негізінде ұлттық көзқарастар басымдықтарының жүйесі қа­лыптасуы керек. Бұлар – Тәуел­сіз­дік, бірлік, келісім және жаңару. Қазіргідей жаһандық қауіп-қатерлер өршіп тұрған заманда біз өзіміздің тіліміздің, салт-дәстүрлеріміздің, Қазақстан жеріндегі әралуандылыққа суа­рылған құндылықтарымыздың сақ­талуын қамтамасыз етуіміз керек. Қазақстандағы барлық этностық топтардың бір ғана Отаны бар. Біз мұны еліміздің әрбір азаматының санасына сіңі­руіміз керек. Сол себепті, де, Ас­самблея қоғамдағы жақсы ауан мен ахуалды қа­лыптастырудың тиімді құралына айналуы тиіс. Ассамблеяның барлық институттық, құрылымдық мүмкіндіктерін Мемлекет басшы­сының Ассамблеяның XX сессия­сында берген тапсырмаларын жүзеге асыруға бағыттауымыз керек, деді М.Тәжин. Мемлекеттік хат­шы, сондай-ақ, Ассамблея Кеңесі мен Қазақстан халқы Ас­самблеясының депутаттық тобы арасындағы және депутаттық топ пен жергілікті жерлердегі мәс­лихаттар арасындағы байла­ныс­тардың басымдықтарын айқындауға мән беру қажеттігіне де тоқталып өтті.

Отырыс барысында Қа­зақстан халқы Ассамблеясының Парламент Мә­жілісіндегі де­путаттық тобы басшысының орынбасары Е.Каппель Ассамблеяның Пар­ламент Мәжілісіндегі де­путат­тық тобының қызметі туралы баяндап берсе, Оңтүстік Қа­зақстан облысы Қазақстан халқы Ас­самблеясының төрағасы – об­лыс әкімі Асқар Мырзахметов Ассамблеяның Оңтүстік Қазақ­стан облысындағы қызметін, ат­қарған жұмыстары туралы әңгімеледі. Мәселен, Е.Каппель соңғы есеп­тік кезеңде Ассамблея атынан сайланған депутаттар 14 жұмыс тобын басқарғанын, сондай-ақ, олар 26 депутаттық сауал әзірлеп, жолдағанын жеткізді. А.Мырзахметов: «Елімізде өзіндік орнымен ерекшеленген оңтүстік өңірі – көпэтносты облыс. Бұл ретте, біздің өңір еліміздегі ұлтаралық татулыққа өз үлесін қосып отыр деп айтуға болады», дей келе, Ассамблеяның республика деңгейінде қабылданып жатқан шешімдерін орындауға байла­нысты облыста арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, бүгінгі таңда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Жақыпова халыққа әлеуметтік көмек көрсетудің еуропалық тәжірибесін енгізу туралы сөз қозғаса, Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйінің директоры Э. Төлеубеков еліміздегі Достық үйлерінің жұмысы мен атқарған іс-шаралары туралы әңгімелеп берді.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар