Ресей астанасында қазақ тілін оқытатын онлайн сынып ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақ сыныбы №38 кітапханада орналасқан. "Отандастар қоры" КеАҚ қолдауымен онлайн сынып ашу қажетті құрылғылар топтамасы Мәскеу қаласындағы "Қазақ диаспорасы" Мәскеу қоры" коммерциялық емес ұйымына тапсырылған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен жүзеге асып жатқан бұл жоба жыл соңына дейін 12 елде 31 онлайн-сынып ашуды жоспарлап отыр.