• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2013

Депутаттар аймақтарға шығады

280 рет
көрсетілді

Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиыны өтіп, Парламенттегі ең ірі фракция қызметінің ауқымды мәселелері талқыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

 

Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиыны өтіп, Парламенттегі ең ірі фракция қызметінің ауқымды мәселелері талқыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Жиын барысында палата Төрағасы, фракция жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің атап­ өткеніндей, 28 қараша мен­ 7 желтоқсан аралығында мәжі­ліс­мендер жұмысы еліміз өңірлерінде өз жалғасын табады.

Халық қалаулылары еңбек ұжымдарымен кездесіп, әлеу­мет­тік нысандарды аралайды, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Кездесу барысында депутаттар, сондай-ақ, заң шығармашылық қызметі туралы, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау жолында Мәжіліс мақұлдаған басты заң жобалары туралы, сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды тұғырнамасының орындалуы жайын­да әңгіме өрбітпек.

Мәжіліс депутаттары аймақтың өзекті мәселелерін бақылауға алып, тұрғындар сауалдарына жауап береді және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысады.

Мәжілісмендердің кезекті сапарында тек облыс, аудан­ орталықтары ғана емес, шал­ғай­дағы ауылдар мен елді мекендер де кеңінен қамтылмақ.

Соңғы жаңалықтар