• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2013

Саясаттанушы ғалымдар жиыны

1375 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, саяси ғылымдар докторы, профессор Ақан Бижанов Алматыда Қазақстан саясаттанушыларының конгресіне қатысты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, саяси ғылымдар докторы, профессор Ақан Бижанов Алматыда Қазақстан саясаттанушыларының конгресіне қатысты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Сенатор өз сөзінде 2050 жылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған жаңа саяси бағыттың басты мақсатын іске асыруға сая­саттанушы ғалымдар тікелей қатысуы тиіс екенін атап өтті. А.Бижанов отандық ғылымды, оның ішінде білімнің саясаттану саласының орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттігіне назар аударды. «Білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі құқықтық базаны жетілдіру, мамандарды даярлауда сапаны қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру жалғасатын болады», деді сенатор.

А.Бижанов, сондай-ақ, республиканың стратегиялық дамуында қазіргі замандағы қатерлерге байланысты теориялық-әдістемелік негіздердің мәселелері көкейкесті бола түскенін атап өтті. «Осыған қатысты алғанда еліміздің саясаттанушылар қауымдастығының алдында қазақстандық қоғамдық қатынастар үлгісін одан әрі жетілдіру үшін ғылыми негізделген базамен қамтамасыз ету міндеті тұр. Осы жұмыстар еліміздің сая­саттану саласының танылған орталықтары – Білім және ғылым министрлігінің Философия және саясаттану институты, Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер инс­титуты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және осыған теңдес ғылыми деңгейдегі басқа мекемелер төңірегінде шоғырланғаны орынды деп санаймын», деді сенатор.

Соңғы жаңалықтар